Мемлекеттік қызмет

Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға өткізілетін жалпы конкурс туралы хабарландыру

Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекенжайында орналасқан «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ (240 бөлме, тел.8-/7232/713-288, факс 26-42-54,  индекс 070019, e-mail: m.sadvakasova@akimvko.gov.kz), «Б» корпусының уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына жалпы конкурс жариялайды.

  1. Жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4 (1 бірлік), лауазымдық еңбекақысы жұмыс өтіліне байланысты 83 282 теңгеден 112 430,81 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын, өз құзыреті шегінде облыс әкімдігі мен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындайды; өз құзыреті шегінде азаматтардың өтініштерін қабылдайды, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі зерттеу, талдау, мониторингілеу және ұйымдастырушылық - әдістемелік қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, сонымен қатар басқарманың ақпараттық технологияларында зерттеу және талдау қызметін үйлестіру, жастар арасындағы қоғамдық-саяси және басқа да үдерістерді зерделеуге бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді өткізуді қамтамасыз ету және үйлестіру, талдамалық өңдеуді ұйымдастыру және зерттеулердің қорытындысын түсіндіру, жетекшілік ететін мәселелер бойынша іріктеме жиынтықтың есептерін құрастыру, соның ішінде әлеуметтік зерттеулерді қабылдау және тексеру; қоғамдық пікірді зерделеудің түрлі нысандары арқылы облыстағы әр түрлі санаттағы жастардың ақпараттық, мәдени және рухани қажеттіліктері бойынша мониторинг өткізу, мемлекеттік жастар саясаты саласында ішкі саясат басқармасының ақпараттық деректер қорын құру; аумақтарды дамыту бағдарламасында баяндалған мемлекеттік жастар саясаты саласындағы көрсеткіштерген қол жеткізуді қадағалау және бақылау; жыл сайынғы ұлттық баяндама үшін материалдарды жинау және жалпылау, олардың уақытылы және сапалы болуын қамтамасыз ету; облыстағы жастар куәлігі үшін материалдарды жинау және жалпылау, олардың уақытылы және сапалы болуын қамтамасыз ету; мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының (электронды және баспа) жұмысын үйлестіру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және басқа да іс-шаралар аясында әлеуметтік жобалардың техникалық сипаттамасын әзірлеу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларды мониторингілеу, сонымен қатар шығармашылық есептерді қабылдау және тексеру; облыстағы балалар мен жастардың үкіметтік емес ұйымдарымен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру, сонымен қатар мемлекеттік идеология саласында практикалық шараларды қолдану мәселелерін үйлестіру, азаматтық – патриоттық тәрбие беру, өскелең ұрпақ арасында мемлекеттің дамуы мен мемлекеттік рәміздерді насихаттау; облыс әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысын дайындау және өткізу, жұмыстарды үйлестіру; облыс әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысының хаттамалық шешімін дайындау және қатысушыларға жолдау, сонымен қатар отырыс қорытындысы бойынша тапсырмалардың іске асырылуын қадағалау; ШҚО-ның қалалары/аудандарында өткізіліген жастар ісі жөніндегі Кеңес отырыстарының хаттамалары мен ақпараттарды жинау; «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары мен студенттік құрылыс отрядтарының қызметін ұйымдастыру және үйлестіру.

  1. Жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4 (1 бірлік), лауазымдық еңбекақысы жұмыс өтіліне байланысты 83 282 теңгеден 112 430,81 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын, өз құзыреті шегінде облыс әкімдігі мен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындайды, өз құзыреті шегінде азаматтардың өтініштерін қабылдайды; Жастарды жұмысқа орналастыру, жастар арасындағы жұмыссыздық, ЖОО түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейі, ОАОО түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейі, облыста мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы, жастар арасындағы қылмыс, кадр тапшылығы, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық–инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары мен студенттік құрылыс жасақтарының қызметі, облыс, қала/аудан әкімдіктері жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес қызметі және де бөлімнің құзыреттілігіне кіретін тақырыптарда айлық, тоқсандық есептерді, талдамалық және ақпараттық материалдарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне, облыс әкімінің аппаратына және басқа да жоғары тұрған мемлекеттік органдарға ұсынып отыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларды мониторингілеу, сонымен қатар шығармашылық есептерді қабылдау және тексеру; Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша Шығыс Қазақстан облысы жастар орталығының қызметін үйлестіру, сонымен қатар облыстың қалалары/аудандарындағы жастар орталықтарының қызметі бойынша ақпараттарды жинау; мемлекеттік жастар саясаты саласының негізгі бағыттарын іске асыруды анықтайтын концепциялар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу және іске асыру, сонымен қатар, жастар саясаты саласында жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы келісілген және бірыңғай стратегияны қалыптастыруға қатысу; мемлекеттік органдармен, жоғары оқу орындарымен, қазақстандық жастардың патриотизмі мен азаматтығын дамыту мәселелері бойынша ардагерлер кеңесімен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру, жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша жастар қоғамдық бірлестіктеріне, жастардың үкіметтік емес ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету, азаматтық қоғам институттарымен әріптестікті дамыту.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар:
Жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзіреттер бойынша талаптар;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер: қоғамдық-саяси жағдай саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы: электрондық пошта мекенжайына m. sadvakasova@akimvko.gov.kz электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжат тігілетін папкаға салынған келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) уәкілетті органмен бекітілген Қағидалардың 2 – қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.бiлiмi туралы құжаттардың және оған қосымшалардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадрлық қызметпен куәландырылған көшiрмесi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Қағидалардың 62-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 29-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы не олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстық комиссиямен әңгімелесуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-де осы конкурс бойынша оларды әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған  күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жариялаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, 2 қабат, 201 кабинетіне ұсынылуы қажет.
Конкурс қатысушылары  және үміткерлер 5 (бес) жұмыс  күні ішінде уәкілетті орган немесе оның аймақтық бөлімшелеріне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот  тәртібінде конкурстық комиссияның  шешіміне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы  бойынша  департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауыңызға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости), даңғылы, 4
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі  төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Анықтама телефоны: 8-/7232/713-288, 26-42-54, e-mail: m. sadvakasova@akimvko.gov.kz.

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы
Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40 мекенжайында орналасқан «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ (070002, 240 бөлме, тел. 8-/7232/713-288, 26-42-54, e-mail: m.sadvakasova@akimvko.gov.kz), төмендегі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің уақытша жұмысқа жарамсыздығы кезенінде), санаты D-О-4 (1 бірлік), лауазымдық еңбекақысы жұмыс өтіліне байланысты 83 282 теңгеден 112 430,81 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік саясатты өңірлік электрондық бұқаралық ақпарат құралдары (теларналар, радио, led-экрандар) арқылы іске асыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді; өңірлік электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі  мемлекеттік тапсырыстың  жүзеге асырылуын бақылайды; ұлттық хабар таратудың өңірде іске асырылуының барысын қамтамасыз етеді. Электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы тілдік теңгерімнің сақталуына мониторинг жүргізеді, цифрлық хабар таратуды енгізу бойынша талдамалық жазбаларды дайындайды; өз құзыреттігі шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын, облыс әкімі және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындайды; өз құзыреттігі шегінде азаматтардың өтініштерін орындайды; өз құзыреттігі шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.  Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар:
Жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер: қоғамдық-саяси жағдай саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу,
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда конкурс комиссиясы тұлғаны әңгімелесуден өтуге жібермейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған (Уәкілетті органның интернет-ресурсында) күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсыру қажет:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасында, 246 кабинетте өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Егер конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда олар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауыңызға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.
Анықтама телефоны: 8-/7232/713-288, 26-42-54, e-mail: m. sadvakasova@akimvko.gov.kz.

Қосымша (*.doc KB)

 

 

Бос әкімшілік лауазымдарға орналасу конкурстарының мұрағаты

Парақтар өзгертілді: 13-10-2017