Мемлекеттік қызметшінің имиджі

 

Смит Ирину Федоровну«Қазақстан Республикасының мемлекетік қызметшілерінің  әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже негізінде, басқармада әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басқарма басшысының орынбасары Ирина Федоровна Смитке жүктелген.

Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 246 бөлме, телефон: 8-7232-713-283

 

 

Қазақстан Респубикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумындағы сөзінен

Қазақстан Респубикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумындағы сөзінен Мемлекеттік қызметкер келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы керек:

1. Ол билік және өз құзыретін басқара біліп, сонымен бірге шыншыл болуы керек.
2. Мемлекеттік қызметте өз пайдасы үшін емес, мемлекет үшін жұмыс істеп, мемлекеттік қаражатты өз қалтасымен ауыстырмау керек.
3. Шенеунік «Немен күн көріп отырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек, өйткені оның виллаларын, оны қоршаған биік қақпаның және қымбат автомобильдердің суретінің пайда болуына негіз болмау керек.
4. Заң талаптарымен толық келісімде өмір сүру керек.
5. Кез-келген жерде, кез-келген қызметте қандай да болмасын жағдайда халықтың, өз елінің азаматтарының сенімін жоғалтпау керек.
6. Қазақстандық мемлекеттік қызметкер әділеттілік пен сыпайылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін-өзі ұстай білуі керек.
7. Ұжымды басқармас бұрын, ол өзі бағына, жұмысшыларға берген жұмысты өзі атқара білуі керек.
8. Еген мемлекет мүддесіне зиян келтіріліп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлықтың дайындалып жатқанын көрсе міндетті түрде арласып, тиісті шара қолдану керек.

 

 

Мемлекеттік қызметшінің имиджі

Парақтар өзгертілді: 09-10-2017