ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

Шығыс – Адалдық аланы

Миссия және стратегия

Жоба Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының негізінде іске асырылады.
«Шығыс–адалдық алаңы» жобасының миссиясы Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, жемқорлыққа қоғам болып төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.

Жобаны іске асырудың бағыттары

Жоба өз қызметін келесі блоктар бойынша жүзеге асырады:

Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, сәулет, құрылыс және тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, мемлекеттік кірістер органдары, сот және құқық қорғау органдары бағыттары бойынша тұрмыстық жемқорлықтың түп-тамырын жою, бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі;

Қоғамдық бақылау картасы; қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы; мемлекеттік сатып алулар мониторингі бағыттары бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;  

Жемқорлыққа қарсы білім, ақпараттық жұмыс бағыттары бойынша жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Жобаны іске асыру мерзімі

Жобаны іске асыру мерзімі: 2019 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең.

 

 

Страница изменена: 27-06-2019
Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика