Басқарманың жумысы туралы есептер

Ішкі саясат саласындағы жұмыстың жағдайы туралы есеп

Ішкі саясат басқармасының  2016 жылғы жұмысының маңызды бағыттары:
- өңірде ішкі саяси тұрақтылықты және қоғамды келісімді сақтау;
- Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық, жастар, гендерлік саясатты іске асыру мәселелерін үйлестіру;
- мемлекеттік саясатты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Жолдауды, бағдарламалық құжаттарды  іске асырудың  барысын түсіндіру;
- азаматтық қоғам институттарымен сындарлы өзара іс-қимыл болып табылды.
Облыста Мемлекет Басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауының, мемлекеттік бағдарламалардың («Мәңгілік Ел», Халық бірлігі, Ұлт жоспары, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, ЭКСПО-2017) міндеттерін іске асыру, өзекті мәселелерді шешу бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында   421 596 адам қамтылған  6 810 кездесу өткізілді. Соның ішінде, қоғамдық пікір көшбасшылары еңбек ұжымдарымен 1 204 кездесу өткізді, 66 210 адам қамтылды.
Облыста үш мыңнан астам мүшесі бар, барлық деңгейдегі 211 ақпараттық насихат тобы жұмыс істейді. Топтардың құрамына мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, мәслихаттар депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, техникалық және гуманитарлық зиялы қауым, ҮЕҰ, БАҚ, шағын және орта бизнес, кәсіподақ ұйымдарының, ардагерлер кеңестерінің, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
Қоғамдық маңызды іс-шаралардың әлеуеті пайдаланылады. 2016 жылы барлығы 20 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Облыста жыл басынан бастап 1млн-нан астам  адам қамтылған 15 276  іс-шара өткізілді.
Іс-шаралар түрлі атаулы аудиториялармен, соның ішінде: жастар, ардагерлер, азаматтық қоғам өкілдерімен, кәсіпкерлермен, шалғай ауыл тұрғындарымен өткізілді. Іс-шараларға ірі кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық құрылымдары қатысты.  
Облыста әлеуметтік маңызды жарнамалар бар 2 000 астам құрылғылар орнатылған. Басымды бағыттар: Елбасы Жолдауы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Ұлт жоспары, ЖОЕҚ, ЭКСПО-2017, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар, депуттаттар сайлауы.
2016 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы аумағында 154 өңірлік БАҚ тіркелген, олардың 30-ы электрондық (7 телеарна, 3 радио, 11 сайт, 9 кабелдік теледидар), 124 баспа (94 газет, 30 журнал) бұқаралық ақпарат құралдары. Ақпараттық холдингтер және басылымдар базасында ақпараттық сайттар мен интернет басылымдар жұмыс істейді.    
Олардың 31-і мемлекеттік, 123-і мемлекеттік емес. Тақырыптық бағыттары бойынша: қоғамдық-саяси – 55, ақпараттық-көңіл көтеру (жарнамалық) – 66, ведостволық/ діни – 12, ғылыми-әдістемелік – 21.   
2016 жыл ішінде Ақпараттық орталық базасында  облыс әкімі орынбасарларының, қалалар және аудандар әкімдерінің, облымтық басқармалар басшыларының қатысуымен мемлекеттік саясаттың барлық бағыттары қамтылған 128 баспасөз конференциялары мен брифингтер (соның ішінде 34 жоспардан тыс) өткізілді.
Қорытындысы бойынша  тек интернет-ресурстардың өзінде ғана 3100 жарияланым орналастырылды. Барлық позициялар бойынша оңды материалдар қатары артуда. 2015 жыл ішінде жарияланған материалдар саны 57792 құраса, олардың 24241-і оңды сипатта болды, 2016 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінше 62433 және 26087 құрады.    
Ақпараттық саясат жөніндегі кеңестің 4 отырысы ұйымдастырылды, онда негізгі бағыттар мен ақпараттық жұмыстарға қатысты мәселелер талқыланды.
2016 жылдың қорытындысы бойынша отандық сандық телехабар тарату желілеріне қосылған абоненттер қатары 76288 –ді құрады, бұл  жалпы көрсеткіштің 19 пайызын құрайды. Жалпы 2013 жылмен салыстырғанда тұрғындарды отандық телехабармен қамту 46% өсті.
Облыста республикалық: «Нур Отан», «ҚКХП», «Ак жол», «Бірлік», «ЖСДП», «Ауыл» партияларының 6 облыстық, 28 қалалық және аудандық филиалдары тіркеліп, өз қызметтерін атқаруда. Барлық партиялардың өкілдері  Саяси клуб және Қоғамдық кеңес тәрізді сұхбат алаңдарының қатысушылары болып табылады.
Облыс аумағында жұмыс істейтін 6 партияның көшбасшыларының қатысуымен, «Саяси клубтың»       5 отырысы өткізілді.
Жыл ішінде барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер тарапынан 179 отырыс, 48 қоғамдық тыңдау өткізілді.
112 мемлекеттік орган басшыларының есептері өтті.
326 нормативтік-құқықтық актінің жобалары қаралды және келісілді.
Қоғамдық кеңестің  сарапшылар топтары 49 отырыс, соның ішінде қалалар мен аудандарда 14 көшпелі отырыс, денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне 20 рейд,  7 брифинг өткізді.  
Өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге ҮЕҰ белсенді атсалысуда.
VII  Азаматтық форумға дайындық барысында облыс бойынша қалалық және аудандық конференциялар, дөңгелек үстелдер, республикалық Азаматтық форумға қатысатын делегаттар бекітілген форумдар өткізілді. 4 қараша күні «Тәуелсіздікке 25 жыл: Біздің күшіміз бірлікте» тақырыбымен облыстық Үкіметтік емес ұйымдар форумы өтті. Оған үкіметтік емес сектор, қоғамдық кеңестер өкілдері, облыс қалалары мен аудандарының белсенділері қатысты. Жалпы қатысқандар саны 120-дан астам адамды құрады. 
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында тұратын 14-тен 29 жасқа дейінгі адамдар қатары 316 034-ті құрайды, бұл жалпы өңір тұрғындарының  22,6%.  Тіркелген 90 жастар ұйымының 42-сі анағұрлым белсенді іс-әрекеттер танытады. Семей, Өскемен, Риддер қалаларында, Шемонаиха, Үржар және Зырян аудандарында жұмыс істейтін жастар ұйымдары анағұрлым көп. Жастар саясатындағы міндеттер  20 жастар орталығы ресурстарымен тығыз қарым-қатынаса отырып шешілуде.
Шығысқазақстандықтар облыстағы 8 жоғары, 74 арнайы орта білім мекемелерінде білім алуда. Жалпы студенттер саны 63 040 (ЖОО-26 710. ОАОО – 36 330).
2016 жыл ішінде облыс қалалары мен аудандарындағы жастар ісі жөніндегі кеңестердің 76 отырысы өткізілді, олардың біреуі облыс әкімі орынбасары жанында өтті.
61 шығысқазақстандық «Болашак» бағдарламасы бойынша  әлемнің 11 еліндегі (Ұлыбритания – 43 адам, АҚШ – 28 адам, Германия – 5 адам, Ресей Федерациясы – 4 адам, Канада – 4 адам, Ирландия Республикасы – 2 адам, Чехия, Австрия, Швеция, Австралия, Швейцария – 1 адамнан) жоғарғы оқу орындарында білім алуда.
«Серпін - 2050» бағдарламасы шеңберінде 2000 астам студент 3 жоғары оқу орнында және 9 ОАОО білім алуда.   
Жастардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету шаралары,  2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 3,6% дейін төмендетуге ықпал етті, бұл 2015 жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 1,2 % аз.  
2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 435 жас адам (оқып жатқандардың 46%) оқытуға жіберілді. Олардың 251 жұмысқа орналастырылды.  
Әлеуметтік жұмыс орындарына 186 адам орналастырылды (жұмысқа орналасқандар санының 33%).
Жоғары оқу орны түлектерін қолдауға арналған «Жастар тәжірибесі» жобасын 568 адам пайдаланды, олардың 488-і немесе 85,9% тұрақты жұмыс орындарын тапты.
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында 315 адам 46,7 млн. теңге сомасында көтерме жәрдемақы алды.
2016 жылы «Жасыл ел» жобасы шеңберінде 1600 жасақшы облыстың 39 ұйымына жұмысқа орналастырылды. 2017 жылы республикалық бюджет трансферті есебінен 2200 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.   
Жастардың қоғамдық істердегі айрықша еңбектерін тану және ынталандыру мақсатында  облыс әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы тағайындалған. 2016 жылы 7 номинация бойынша осындай сыйлықтар табыс етілді. 
Жастарды топтастыру және азаматтық біртектілікті қалыптастыру мәселелерін шешуге 2016 жылы сәуір айында құрылған ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жастар лигасы» белсенді үлес қосуда.   Ұйым белсенділері тағаттылық мектебінің, Ассамблеяның жастар клубының жұмысына және барлық қоғамдық-маңызды іс-шараларға қатысуда.   
Жалпы басқарма жұмысы ішкі саяси тұрақтылықты сақтау және нығайтуға, этносаралық келісім, қоғамның тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Парақтар өзгертілді: 28-06-2017