ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2019 жылғы 5 қыркүйекте сағат 12.00-де Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 108 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды

Қарастырылатын сұрақтар:

1.    Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау:

-   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №25/280-VI шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасы

-   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 16/195-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» шешім жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 209 «2019-2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 318 «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 189 «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 16 «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі  № 224 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 313 «Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының және Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Күршім және Шемонаиха аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен шешімі және қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 186 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы «Эскизді (эскиздік жобаны) келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының бекітуіне ұсыну туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулы жобасы.

 

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 71-31-95, 87751742644

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары келесі сайттарда жарияланған:
http://www.akimvko.gov.kz/ru/akim-vko/normativno-pravovyie-aktyi/
http://www.maslihatvko.gov.kz/ru/

Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика