ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

«Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін»

Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығы үшін журналистер арасында байқау жариялайды.

Байқауға қатысудың шарттарымен толығырақ хабарландыруға қоса берілген Ереже арқылы таныса аласыздар.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы «Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлықтары туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.1.    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы байқау Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық және дамуының өзге де өзекті мәселелерін жариялайтын өңірлік және республикалық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер, 10 000-нан кем емес жазылушылары бар (достары) блогерлер/қоғамдастықтар әкімгерлері арасында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы – Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы болып табылады.

1.2.    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы байқау Шығыс Қазақстан облысының дамуына және тыныс-тіршілігіне ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара болып саналады.

1.3.    Байқауға қатысу үшін қатысушылар байқауға қатысуға арналған сауалнама нысанын (Қосымша 1) толтырып, сауалнамада нақты аталымын немесе аталымдарын көрсету және жарияланымдарын ұсыну қажет.

2.  Байқауды ұйымдастыру тәртібі

2.1.     Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің веб-сайтында орналастырылады.

2.2.    Барлық номинациялар бойынша байқауға қатысу үшін материалдар қағаз немесе электронды түрде 2019 жылғы 18 маусымға дейін:

-       қағаз түрінде – ШҚО, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ғимараты) 2-қабат, 237А кабинетке;

-       электоронды түрде «Байқауға» деген белгімен u.kantselyaria@akimvko.gov.kz электронды мекенжайына ұсынылады.

2.3.    Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

-      «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» (ҚР Президенті Жолдауының ШҚО іске асырылу барысын жария ету);

-       «Жаңа әлеуметтік бастамалар» (жаңа әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуын жария ету);

-       «Жаңғыру жолы» (қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының ШҚО іске асырылуын жария ету);

-       «Жастар – ел тірегі» (жастар саясатының іске асырылуын жария ету);

-       «Шығыс – адалдық алаңы» (сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған материал);

-       «Қоғам дауысы» (әлеуметтік саладағы қоғамдық маңызы бар мәселелер жарияланған талдамалық материал).

-       «Көшбасшы INFO» (үздік өңірлік ақпараттық ресурс);

-       «Өр Алтай» (әлеуметтік желіде жоғары рейтингке ие болған ШҚО туралы үздік бейнеролик);

-       «Кадрдағы креатив» (видеооператорлар мен фототілшілерге арналған аталым);

2.4.    Сыйлық лауреаттары байқау комиссиясымен анықталады (бұдан әрі – Комиссия). Қандай да бір нақты номинациялар бойынша лайықты жеңімпаздар анықталмаған жағдайда, Комиссия осы номинацияға белгіленген қаржыны басқа номинацияларға бөлуге немесе ынталандыру сыйлықтарына жұмсауға құқылы.

2.5.    Соңғы 3 жыл ішінде облыс әкімінің жүлдесіне ие болған журналистердің жұмыстары қарастырылмайды.

2.6.    Өтініштерді қабылдау уақыты аяқталған соң, материалдар қарау және бағалау үшін байқау комиссиясының мүшелеріне беріледі.

2.7.    Комиссия шешімі қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

2.8.    Комиссия отырысы оның мүшелерінің 2/3 бөлігі отырысқа қатысқан жағдайда ғана заңды болып табылады.

2.9.    Комиссияның шешімі хаттама арқылы рәсімделеді.

2.10.    Комиссия мүшелері, сондай-ақ облыс әкіміне грамоталар және алғыс хаттармен марапаттауға лайықты үміткерлер туралы ұсыныстар енгізеді.

2.11.    Сыйлықтарды Шығыс Қазақстан облысының әкімі немесе облыс әкімінің орынбасары табыстайды. Сыйлықтар «Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты 2019» дипломын табыстау арқылы беріледі.

3.  Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

3.1.    Байқаудвың жеңімпаздары ұсынылған материалдар негізінде Комиссия арқылы келесі талаптар бойынша анықталады:

·     белгіленген тақырыпқа сәйкестік;

·     жаңашылдық;

·     көтерілген мәселелердің өзектілігі және шығармашылық талдануының тереңдігі;

·     мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы;

·     авторлық тұжырымдаманың дербестігі;

·     жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы;

·     журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі;

·     материалдардың объективтілігі;

·     кәсібилік және мазмұндай шеберлігі;

·     мәселенің қойылуы және оны жан-жақты ашып көрсету;

·     жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

·      сыртқы безендірілуі.

4.  Өтініштерді беру тәртібі

4.1.    Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлердің кандидатураларын бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары ұсынады немесе өз бетімен ұсынылады.

4.2.    Ұжымдық номинациялар бойынша БАҚ-тың уәкілетті органда есепке алынғандығы туралы куәлік нөмірін көрсету арқылы, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі өтініш береді.

4.3.    Бір үміткер екі не одан көп номинацияға ұсынылмайды.

4.4.    Конкурсқа 2019 жылдың 1 қаңтарынан 18 маусымы аралығында қазақ және/немесе орыс тілінде шыққан немесе жарияланған материалдар қабылданады.

4.5.    Конкурска жіберілген материалдар келесі форматта болуы мүмкін:

-     видеоматериалдар;

-      мәтіндік басылымдар;

-     фотосуреттер.

Қосымша

Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика