ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

Өскеменде «ӘREKET» жобасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының КЕҰ үшін ашық түсіндіру кездесуі өтеді

Шығыс Қазастан облысының коммерциялық емес ұйымдары мен БАҚ өкілдерін «ӘREKET» жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуіне шақырамыз. Кездесу 31 мамыр күні Өскемен қаласында (Протозанов к., 7, «Талдау және болжау институты» ЖШС ғимараты) сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.

Кездесу барысында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілдері жобаға қатысудың негізгі ережелері мен шарттары туралы айтып, өткен жылдар тәжірибесімен бөліседі және ең өзекті сұрақтарға жауап беретін болады.

Бұған дейін хабарланғандай, гранттар Байқауының бірінші кезеңі 3 маусымда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Осы кезеңде қатысуға мүдделі барлық КЕҰ Байқау туралы ережеге сәйкес өтінім беруге тиіс.

Келесі кезең екінші кезеңге өткен КЕҰ-ға толық өтінім беру болмақ. Үміткерлерді іріктеуді арнайы комиссия жүргізетін болады, оған мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, бизнес және әлеуметтік сала өкілдері кіреді.

Соңында, үшінші кезең іріктеуден өткен Коммерциялық емес ұйымдарға арналған үш күндік білім беру бағдарламасы болады. Оқу соңында КЕҰ өкілдері әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша өз жобасын қорғайды және олардың үздігі 3 млн теңгеге дейін грант алады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Samruk-Kazyna Trust» қоры «ӘREKET» жобасына 150 млн теңге бөлді. Байқау аясында әр мүдделі коммерциялық емес ұйым 3 млн теңгеге дейінгі мөлшерде грантқа үміткер бола алады.

Гранттар байқауы туралы ережемен және қосымша ақпаратпен sk-trust.kz сайтында  «ӘREKET» бөлімінде танысуға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымдар тел.: +7 (7172) 57 63 05 (қазақ тілінде), 24 80 14 (орыс тілінде), 57 65 41 (орыс тілінде) (Нұр-сұлтан уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе areket.skt@gmail.com электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.

БАҚ сұрақтары бойынша: +7 (7172) 57 66 02

Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика