ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

Семейдегі "Абай Арена" құрылысы кестеден озып келе жатыр

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов "Қарағайлы" шағын ауданында салынып жатқан "Абай Арена" мәдени-спорттық кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

- Арена құрылысы белгіленген кестеден алда келе жатыр . Спорттық кешенді осы жылдың 1 желтоқсанына дейін іске қосамыз. Барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс алаңында күніне 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Біз бұл нысанды мерзімнен бұрын алуды жоспарлап отырмыз, - деді Ермак Сәлімов.

Сонымен қатар қала әкімі шағын ауданда несие жүйесі бойынша көп қабатты тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, пәтер иелері біртіндеп қоныстанатынын атап өтті.

- Осы жазда абаттандырумен белсенді айналысамыз. Бәрін қайта қазбас үшін жол құрылысын соңына қалдырдық. Бүгінгі таңда шағын аудан халық арасында сұранысқа ие екенін айтқым келеді, - деді қала басшысы.

Е. Сәлімов жаңа шағын аудандағы құрылыс жұмыстары Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың жеке бақылауында екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа шағын аудан қарағайлы орманның жанында орналасқан. Келесі айда  ауданда мұз сарайының құрылысы басталады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Фото: Семей қаласының ақпараттық орталығы

 

Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика