ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

Басқарма қызметкерлері  әлем жұрты мойындаған өнер көрмесін тамашалады

Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, облыстық Өнер музейінде  туындыларын  әлем жұрты мойындап, бейбітшілік иедеяларын насихаттаудағы еңбегі және әлемдік мәдениетке қосқан үлесі үшін, 2009 жылы Бүкіләлемдік альянс шешімімен «Талант и призвание» медалімен марапатталған, жерлесіміз, Аягөз қаласының тумасы, ағаш ою шебері Қалибек Ішпекбайұлы Айнажаровтың «Қыр баласының әсем әлемі» атты жеке көрмесінің  ашылу кешіне қатысты.

Кеш барысында басқарма қызметшілері, Семей ядролық полигонының зардабын тартып, арбаға таңылса да, тағдырдың қатал  сындарына мойымай,  өмірге деген құштарлығымен барлық қиындықтарды жеңіп келе жатқан мүгедек өнер иесінің тағылымға толы әңгімесін тыңдады.

Өмір, тірлік жайындағы философиялық ой-толғамдарын ағашқа ойған шығармаларымен, жан толқытар өлеңдерімен  жеткізген  мүгедек шебердің кешінен басқарма қызметкерлері үлкен әсер алып қайтты.  

Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика