ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

«Абай арена»  құрылысы кесте бойынша жүріп жатыр

Семейде Қарағайлы жаңа шағын ауданында 5 мың орындық "Абай Арена" мәдени-спорттық кешенінің құрылысы белсенді жүргізілуде. 

Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков нысанның үш блоктан тұратынын айтты. Олардың бірінде әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатса үшінші блоктың қасбеті 50 пайызға дерлік аяқталды. 

- Үшінші блоктың ішіндегі әрлеу жұмыстары қыста басталды, - деп нақтылады Николай Николаевич. - Кешенді жылумен жабдықтау сол кезде аяқталған болатын. Бірінші және екінші блоктартың шатыр бөлігіндегі жұмыс толығымен бітті . 

Нысанның құрылысына 8 компанияның 200-ден астам адамы тартылған. 

- Мердігер ұйымдарға және тапсырыс берушілерге біздің тарапымыздан ескерту жоқ, - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары. – Су жаңа спорт кешенде инженерлік коммуникациялар, вентеляция, жылыту жүйесі, бассейнге су беру бар сияқты соңғы технологиялар орнатылған.

Н. Ушаков мәдени-спорт кешенінің құрылысы кесте бойынша жүріп жатқанын атап өтті. Нысанды осы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарлануда.

- Бұл кешен облыс басшысы Даниал Ахметовтың ерекше бақылауында. Даниал Кенжетайұлы жобалаушылармен бірге осы бірегей нысанды түзетіп, жобаны жетілдіріп отырады, - деп қорытындылады Н.Ушаков

 

Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика