ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

«Мәңгілік ел- болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсы аясында Тәуелсіздік күнін тойлау

Тәуелсіздік - мемлекет пен ұлт тариxының шынымен ерекше парағы, қазақ xалқының көпғасырлы арманы. Ұлт Көшбасшысы айтқандай Тәуелсіздік - ол барлық қазақстандықтар үшін ең киелі құндылық.   Жыл сайын Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында облыстың зияткерлері мен энтузиасттердің арасында «Мәңгілік ел-болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсына қатысу дәстүрге айналды.

Конкурс тұрақтылықты, тәуелсіздікті, мемлекетіміздің қауіпсіздігін сақтау әрекетіне белсенді және батыл, басқа мәдениет өкілдерімен конструктивті диалог құра білетін жоғары деңгейдегі өзіндік ұлттық сана-сезімі, ұлттық, патриоттық рухы бар, тарихи жадыны және әлеуметтік есті сақтайтын өскелең ұрпақты – қоғамның әлеуетті белсенді мүшелерін тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.

Облыстың әр ауданында қараша бойы балалар «Туған өлке – біздің бастамаларымыздың негізі» әлеуметтік акциясын өткізді.

Әлеуметтік акция «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының құндылық бағдарларына сәйкес және өлкетану мəселелерін анықтауға, оқып үйренуге және қаланың ( аудан, елді мекеннің, әлеуметтік топтың) мәселелерінің бірін Конкурс қатысушыларының күшімен әзірлеп шешуге бағытталған.

2018 жылдың 14-15 желтоқсаны аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен Крупская атындағы негізгі орта мектеп-интернат базасында Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарынан келген 200 астам көшбасшылар мен белсенділер конкурсының келесі кезеңдерінен өтті.

Викторина аясында балалар тарих, география, әдебиет және Қазақстан мәдениеті пәндерінен өз білімдерін көрсетті.

Ең байытылған және қызықты болып «Бәсекеге қабілетті, сындарлы, мықты, шығармашыл ХХІ ғасыр Тұлғасы» диалогтік алаңы өтті. Қатысушылар үшін талқыланып жатқан проблемаға өз көз қарасын білдіруге және кейін өздерінің тиімді шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік берілді.

3 айналымның нәтижесі бойынша қатысушы-командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:

Бас жүлдені Риддер ауданының командасы иеленді.

І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының;

- Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің;

- Зырян ауданының командалары.

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының;

- Өскемен қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің;

- Шемонаиха ауданының;

- Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейінің командалары.

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Катонқарағай ауданының;

- Семей қаласының;

- Глубокое ауданының;

- Жарма ауданының командалары.

Жыл сайынғы конкурсқа  «Не? Қайда? Қашан?» форматындығы «Өз жеріңді танып біл» интеллектуалдық ойыны өз жаңашылдығын  енгізді.  Қатысушы-білгірлер миға шабуыл әдісін қолданып, қойылған сұрақтарға бір минут ішінде дұрыс жауап іздеді.

Ойынның бірінші айналымының нәтижелері бойынша Абай ауданының командасы жақсы нәтиже көрсетіп, ІІ дәрежелі дипломды иеленіп, естелік сыйлықтармен марапатталды. Ең жоғары балл жинаған Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы  дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің білгірлер командасы екінші айналымда көрермендерге қарсы ойын көрсетіп , «Өз жеріңді танып біл» интеллектуалдық ойынының абсолютті жеңімпазы атанды. Чемпиондарға марапат ретінде ауыспалы  "Дана үкі" білім символы    берілді  және әр ойыншы бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Шығармашылық табыс пен жоғары жеңістер тілейміз!

Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика