ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

Құрметті әріптестер!

Ағымдағы жылдағы еңбек қызметіңізді аяқтай келе, алдағы жылға жоспар құрып, мақсат қоя отырып, өзіңіздің қоғамдық ұйымыңыз туралы мәліметтерді  ҮЕҰ мәліметтер базасына енгізуге даярлықты ұмытпаңыздар (infonpo.kz).

Бұл мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейінгі уақытта арнаулы формаларды толтыру арқылы ұсынылады (қазақ және орыс тілдерінде). Мәліметтерді  ұсыну деректерді тікелей электрондық порталға енгізу жолымен, сондай-ақ пошта арқылы не тікелей Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне қолма-қол жеткізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

ШҚО Азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту ресурстық орталығының кеңесшілері ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді дайындау және ұсыну бойынша жадынама-алгоритм әзірледі, онда барлық дайындық рәсімдері (ақпарат жинау) және нысандарды толтыру және порталға деректерді беру бойынша қадамдық нұсқаулықтар жазылған. Оны бүгінгі күннің өзінде пайдалана аласыз.

Сондай-ақ, Ресурс орталығының кеңесшілері Сіздерге  порталмен жұмыс істеуде және мәліметтерді даярлауға көмектесуге әзір. Кеңес алу үшін мына телефон арқылы 8 (7232) 51-33-88 немесе  zubr-kz@mail.ru электрондық поштасы  бойынша хабарласа аласыздар.   Сонымен қатар http://www.zubr-consulting.kz/ сайтына «онлайн-кеңесші» арқылы хабарлама жіберуге болады.

(Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде)

Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика