ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2018 жылғы 13 қарашада сағат 15.00-де Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 108 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.


Қарастырылатын сұрақтар:

1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау:

- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №16/176-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы;
- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында Ш. Айтқожаға беріліп отырған жер учаскесі тұстамасындағы Көлденеңбұлақ бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;
- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Герасимовка ауылының аумағында сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйесін жобалау үшін Уланка өзенінің, Уланка өзенінің сол жағалау сағасының (оң жағалау) және суару каналының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;
- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Быструха ауылының солтүстік-шығысына қарай электр беру желісін жобалауға арналған жер учаскелері тұстамасындағы Малая Убинка өзенінің және Быструха өзенінің (сол жағалау) су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;
- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Орловка ауылынан 4 км солтүстік-батыстағы Крестовка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;
- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы № 1, № 2, № 3 , № 4 атауы жоқ бұлақтардың және Бұқтырма су қоймасының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;
- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «2018 жылға арналған субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және 1 бірлікке (литр, килограмм) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 261 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы;
- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидия көлемдерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 313 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы.

2. ШҚО Қоғамдық кеңесінің қажеттілігі ерекше азаматтардың құқығы жөніндегі сараптау жұмыс тобының төрағасының атқарылған жұмысы жайындағы есебін тыңдау.

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 71-31-95,87751742644
Нормативтік құқықтық актілердің жобалары келесі сайттарда жарияланған:

http://www.akimvko.gov.kz/kz/akim-vko/normativno-pravovyie-aktyi/

http://deputate.gov.kz/ru/project.htm

Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика