ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2018 жылғы 8 қазанда сағат 16.00-де Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 108 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.      Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау:

-                 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №16/176-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешім жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының және әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы» бірлескен шешім мен қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының және әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое, Бородулиха  аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» бірлескен шешім мен қаулыс жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 16/195-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидия көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты және құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және өзара сақтандыру қоғамының ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 357 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 қаулысына  толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы №120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 303 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Білім саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 96 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Бобровка өзенінің оң жағалаудағы учаскесінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы № 05-071-038 есеп кварталында демалыс базасын салу үшін «Музтау и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған жер учаскесінде Бұқтырма су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы № 05-068 есеп кварталындағы «Самырсын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған жер учаскелерінің тұстамасындағы Правая Убинка өзені, Талмачиха өзені, Киргинчиха өзені, Левая Убинка өзені және атауы жоқ бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы аумағында Бұқтырма су қоймасының және Қара Ертіс өзені сағасының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы 05-068-086 есеп кварталы аумағында (Радужный ауылының оңтүстік - шығысына қарай) Безымянный ключ бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында «IRG Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бұру шекараларындағы Қызылсу және Жалғызағаш өзендерінде су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы Үлбі кенті аумағындағы Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасы;

-                 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы».

2.         Әр түрлі:

2.1. Жылыту маусымына дайындалу және облыс тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету барысы жайында ақпарат;

2.2. Өскемен қаласының автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу барысы жайында ақпарат;

2.3. Металлург к. тұрғындарын жолаушылар тасымалдау қызметі аясында көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі ақпарат;

2.4. Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі туралы ережеге өзгерімтер енгізу.

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 71-31-95,87751742644

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары келесі сайттарда жарияланған:

http://www.akimvko.gov.kz/kz/akim-vko/normativno-pravovyie-aktyi/

http://deputate.gov.kz/ru/project.htm

Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика