Назар аударыңыз! Байқау!

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы «Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлықтары туралы ереже

1. Жалпы ережелер

  1. Облыс әкімінің сыйлықтары облыс журналистикасының дамуына, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жариялауға, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.
  2. Номинациялар бойынша сыйлықтар маусым айында Баспасөз, теледидар, радио күні қарсаңында 10 номинация бойынша тапсырылады. Сыйлықтардың лауреаты конкурстық комиссия мүшелерімен анықталады.
  3. Сыйлықтар келесі номинациялар бойынша тапсырылады:
  4. Объективтегі өмір;
  5. Үздік өңірлік баспасөз басылымы (облыстық деңгей, аудандық деңгей);
  6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы ең үздік репортаж;
  7. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жарияланған үздік сараптамалық материал;
  8. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылуы туралы үздік материал;
  9. «Менің Отаным-Шығыс Қазақстан» тақырыбындағы үздік патриоттық материал.
  10. Үздік ақпараттық желілік басылым;
  11. Журналистикадағы дебют;
  12. Үздік режиссерлік жұмыс;
  13. Теле және радиожурналистикаға қосқан үлесі үшін.

Қандай да бір нақты номинациялар бойынша лайықты жеңімпаздар анықталмаған жағдайда, комиссия осы номинацияға белгіленген қаржыны басқа номинацияларға бөлуге немесе ынталандыру сыйлықтарына жұмсауға құқылы.
Сондай-ақ, комиссия мүшелері облыс әкіміне Шығыс Қазақстан облысының грамоталары және алғыс хаттарымен марапаттауға лайықты үміткерлер туралы ұсыныстар енгізеді.

2. Өтініштерді беру тәртібі

  1. Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлердің кандидатураларын бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары ұсынады немесе өз бетімен ұсынылады. Конкурстық құжаттар (жеке кәуәлік көшірмесі, ұсыным, өмірбаян, мінездемелер, шығармашылық материалдар) Ішкі саясат басқармасына 20 маусымға дейін тапсырылады.
  2. Ұжымдық аталымдар бойынша БАҚ-тың уәкілетті органда есепке алынғандығы туралы куәлік нөмірін көрсету арқылы, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі өтініш береді.

6. Бір үміткер екі не одан көп номинацияға ұсынылмайды.
7. 2016 жылдың 1-маусымынан 2017 жылдың 20 маусымына дейін жарияланған материалдар қабылданады.
8. Өтініштерге қойылатын талаптар:

Объективтегі өмір (фототілші, видеооператор). Мерзімді баспасөз басылымында және/немесе ақпараттық-сараптамалық интернет-ресурста жарияланған фотосурет. Файлдың форматы: JPG, JPEG.
Атауы, шыққан мерзімі көрсетілген телеарнаның эфирлік анықтамасы қоса тіркеле отырып, телеарна эфирінде көрсетілген бейнематериал. Файлдың форматы: avi.

Үздік өңірлік баспасөз басылымы. Уәкілетті органда тіркелген мерзімді басылым.
Өтініш басылымның қызметін сипаттайтын жобаларды, айдарларды, авторларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы төлқұжат түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Мерзімді басылымның бір нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы да қоса берілуі керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы ең үздік репортаж. Мерзімді баспасөз басылымында және/немесе ақпараттық-сараптамалық интернет-ресурста жарияланған, теле/радиоарна эфирінде көрсетілген материал. Ақпаратты жинаудың жоспарлылығына, зерттеудің жүйелілігіне және қорытындылардың эксклюзивтілігіне назар аударылады. Баспасөз басылымының PDF форматындағы сканерленген/сайттың скрин-нұсқасы/ видео/-аудиматериалдың дискідегі көшірмесі эфирлік анықтамасымен бірге қосымша тіркелуі қажет.

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жарияланған үздік сараптамалық материал. Мерзімді баспасөз басылымында және/немесе ақпараттық-сараптамалық интернет-ресурста жарияланған, теле/радиоарна эфирінде көрсетілген материал. Қамтылатын фактілердің тереңдігіне, талдаудың толықтығы мен қорытынды сапасына, тақырыптың қоғамдық маңыздылығына назар аударылады. Баспасөз басылымының PDF форматындағы сканерленген/ сайттың скрин-нұсқасы/видео/-аудиматериалдың дискідегі көшірмесі эфирлік анықтамасымен бірге қосымша тіркелуі қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылуы туралы ең үздік материал.
Мерзімді баспасөз басылымында және/немесе ақпараттық-сараптамалық интернет-ресурста жарияланған, теле/радиоарна эфирінде көрсетілген материал. Оқиғаны түсіндіру тереңдігіне және ұсыну тәсіліне назар аударылады. Баспасөз басылымының PDF форматындағы сканерленген/сайттың скрин-нұсқасы/ видео/-аудиматериалдың дискідегі көшірмесі эфирлік анықтамасымен бірге қосымша тіркелуі қажет.

«Менің Отаным-Шығыс Қазақстан» тақырыбындағы үздік патриоттық материал. Мерзімді баспасөз басылымында және/немесе ақпараттық-сараптамалық интернет-ресурста жарияланған, теле/радиоарна эфирінде көрсетілген материал. Тақырыпты кеңінен жария етуге (өзінің кіші отанына деген махаббатын көрсету, оның тарихы мен мәдениетін, дәстүрлерін сақтау мен насихаттау) және ұсыну тәсіліне назар аударылады. Баспасөз басылымының PDF форматындағы сканерленген/сайттың скрин-нұсқасы/ видео/-аудиматериалдың дискідегі көшірмесі эфирлік анықтамасымен бірге қосымша тіркелуі қажет.

Үздік ақпараттық желілік басылым. Интернет желісіндегі қолжетімді ақпараттық-сараптамалық интернет-ресурс.
Өтініш интернет-ресурстың көрсетілген уақыттағы қызметін сипаттайтын жобаны, вирустық және өзге контентті, іс-шараны, конкурсты, форумды немесе басқа да интернет-оқиғаны және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы презентация түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Көрсетілген уақытта сайтқа қанша адам кіргенін дәлелдейтін мәліметтер береді (google analytics немесе яндекс метрика).

Журналистикадағы дебют. Мерзімді баспасөз басылымында және/немесе ақпараттық-сараптамалық интернет-ресурста жарияланған материал. Публицистикалық стильге назар аударылады. Бұл аталым бойынша байқауға 2017 жылғы 20 маусымға дейін 23 жасқа толмаған Шығыс Қазақстан облысында тұратын Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.

Үздік режиссерлік жұмыс. Телеарна эфирінде жарыққа шыққан материал. Ұсыну тәсіліне және эксклюзивтілігіне назар аударылады. Файлдың форматы: avi.

Теле және радиожурналистикаға қосқан үлесі үшін. Қатысушының Өтініш қатысушының белгілі бір саладағы нақты жетістіктері көрсетіле отырып, дәлелдеуші құжаттарымен қоса портфолио түрінде ұсынылады.

3. Өтініштерді қарастыру және қорытынды шығару

  1. Сыйлықтарды үлестіру туралы шешім комиссия отырысында оның құрамының 2/3 бөлігі қатысқан жағдайда, көпшілік дауыспен қабылданады.
  2. Соңғы 3 жыл ішінде облыс әкімінің жүлдесіне ие болған журналистердің жұмыстары қарастырылмайды.
  3. Сыйлықтарды Шығыс Қазақстан облысының әкімі немесе облыс әкімінің орынбасары табыстайды. Сыйлықпен бірге «Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты 2017» дипломы беріледі.
  4. Сыйлықтарды тапсыру рәсімін ішкі саясат басқармасы әзірлейді.

Өтінім үлгісі

Қатысуға арналған өтінім
Өтініш берушінің аты-жөні/  
Меншік иесі және БАҚ атауы  
Ұсыныс беріп жатқан номинация атауы  
Ұсынылған материалдар тізбесі  
Байланыс телефоны  
Пікірлер  

*форумға арналған презентациялық материалдарда пайдалану үшін жақсы сапада түсірілген фотосурет.

Парақтар өзгертілді: 06-06-2017