ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

Қызметі

Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары
1.Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын, әдiстемелiк құралдарды әзiрлеуге қатысу.
2. Жастар қоғамдық бірлестіктеріне, ҮЕҰ-дарға жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамыту әдістемелік көмек көрсету.
3. Шығыс Қазақстан облысының жастар ресурстық  орталығының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру.
4. Облыста мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысын  бақылау.
5. Облыс әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің жұмысын үйлестіру.
6.Азаматтық қоғам институттарымен жұмысты жетілдіруге әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру.
7.Жастар саясаты, жастар ҮЕҰ-мен жұмыс мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге семинарлар ұйымдастыру.
8.Мемлекеттік идеология, азаматтық-патриоттық тәрбие, жас ұрпақ арасында мемлекеттік жетістіктер мен мемлекеттік рәміздерді насихаттау саласында практикалық шаралар бойынша мәселелерді үйлестіру.
9.Конференциялар, жиналыстар мен семинарлар, шығармашылық және кәсіби жарыстар, фестивальдар,көрмелер және басқа да іс-шараларды, жастардың шығармашылық жетістіктерін анықтау және тарату мақсатында, сондай-ақ салауатты  өмір салты мен әлеуметтік  пайдалы  мінез-құлықты  насихаттайтын шараларды өткізуді бақылау.
10.Заманауи әлеуметтік технологияларды пайдаланатын  жастармен жұмыс жасаудың инновациялық, тәжірибелік жобалар байқауларын  өткізуді бақылау.
11.Талдамалық және ақпараттық материалдарды, Қазақстан республикасы Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министрінің Кеңсесіне,Қазақстан Республикасы  Қоғамдық даму министрлігіне,облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша бөлімнің ай сайынғы, тоқсан-сайынғы есептерін облыс әкімі аппараты бөлімінің құзретіне кіретін сұрақтар бойынша дайындау.
12. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын  жобаларды іске асыруды мониторингілеу.
13. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың орындалуы туралы шығармашылық есептерді қабылдау және тексеру.
14. Облыстың балалар және жастар үкіметтік емес ұйымдарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру.

Страница изменена: 26-11-2018
Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика