ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

Қызметі

Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары:
1. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, минстрліктер мен ведомстволардығ тиісті бөлімшелерімен, жергілікті  атқарушы және өкілетті билік органдарымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету.
2. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық және аудандық атқарушы органдар қызметін бақылау және үйлестіруді қамтамасыз ету.
3. Мерекелік және қоғамдық маңызды іс-шараларға мониторинг жүргізу және талдау жасау.
4. Ақпараттық-талдамалық және әдістемелік материалдар дайындауды жүзеге асыру.
5. Көрнекі-ақпараттық, үгіт және түсіндіру материалдарындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына қатысты жұмысты ұйымдастыру. 
6. Бөлім қызметінің бағыттары бойынша ақпараттық деректер қорын қалыптасыру, сұрыптау және ұдайы жаңартып отыру.
7. Облыстағы әйелдердің жағдайы және отбасылық-демографиялық ахуалға қатысты мәселелерді талдауды, мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасындағы отбасылық–демографиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуді қамтамасыз ету.    

Страница изменена: 26-11-2018
Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика