ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

Қызметі

Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары және құқығы:
1. Атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, сонымен қатар ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі мәселелері бойынша жұмыстар ұйымдастыру.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарымен сындарлы өзара іс-қимылды нығайту; көрсетілген қызметтердің сапасын және тиімділігін ескеріп үнемі өзін-өзі бағалау және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу қорытындысын бағалау арқылы қызметтерді жетілдіру.
3. Президент Жарлықтарының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс әкімі өкімдері, шешімдері, тапсырмаларының орындалуын бақылау; қалалар мен аудандар әкімдерінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жылсайынғы Жолдауларын, мемлекеттік саясаттың басымдықтарын насихаттау және алға бастыру бойынша жұмыстарын үйлестіру.
4. Оқиғалар қатарын және ішкі саясат саласының іс – қимыл жоспарын ескере отырып өңірдегі мемлекеттік органдардың ақпараттық –түсіндіру жұмыстарын медиа-жоспарлауды жүргізу және үйлестіру.
5. Мемлекеттік органдарды ақпараттық – түсіндіру жұмыстарының әдістемелерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері үшін ақпараттық – насихаттық жұмыстар бойынша оқытулар, семинар – тренингтер өткізу.
6. Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының БАҚ туралы заңнаманы сақтауын бақылау.
7. Өңірлік БАҚ – та ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру, оның іске асырылуына мониторинг жүргізу; мемлекеттік органдардың өңірлік БАҚ – тармен және журналистердің кәсіптік ұйымдарымен өзара іс – қимылын үйлестіру. 8. БАҚ – тармен нақты іс – шаралар дайындау және өткізу.
9. БАҚ – тардың ақпараттық дерекқорын қалыптастыру, жинақтау, жалпылау және сұрыптау жұмыстарын жүзеге асыру.

Страница изменена: 26-11-2018
Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика