ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

Қызметі

Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары:
1. Өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерді және олардың даму үрдісін жан-жақты және объективті зерттеу, жинақтау, талдау және болжау.
2. Ішкі саясат саласында тәжірибелік ұсынымдар, сонымен қатар қоғамды топтастыру және  ішкі саяси тұрақтылықты  нығайту бойынша ұсыныстар дайындау.
3.Өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайды диагностикалауға және болжауға бағытталған  социологиялық және политологиялық зерттеулер ұйымдастаруда Талдау және болжау институтымен өзара іс-қимыл жасау.
4.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың тиісті бөлімшелерімен бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету.
5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық және аудандық атқарушы органдар қызметтерін бақылау және үйлестіруді қамтамасыз ету.
6. Ішкі саяси тұрақтылық мәселелеріне қатысты өңірлік бағдарламаларды іске асыру.
7. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметіне, министрліктер мен ведомстволарға ақпараттық материалдар ұсыну кестесіне сәйкес мониторинг жүргізу және талдау жасауды ұйымдастыру.
8. Облыс әкіміне ішкі саясат мәселелері бойынша талдамалық материалдар, ішкі саясат саласына қатысты ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау.
9. Басшылықты маңызды саяси оқиғалар, қоғамдық-саяси саладағы өзгерістер, әлеуметтік шиеленіс ошақтары туралы уақтылы хабардар ету.           
10. Ішкі саясат мәселелері бойынша қалалар мен аудандардан жедел ақпараттар ұсыну жүйесін ұйымдастыру.
11. Облыста  ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси үдерістерді демократияландыруға бағытталған республикалық және өңірлік ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу.
12.  Бөлім құзыретіне кіретін мәселелерді сапалы пысықтау үшін мерзімдік басылымдардағы тақырыптық материалдарды, анықтамалық және басқа әдебиеттерді жинақтау.
13. Деректер базасын (саяси партиялардың, кәсіподақтардың, қоғамдық-саяси қозғалыстардың, тәуелсіз ғылыми-зерттеу орталықтарының іс-әрекеті туралы және т.б.) қалыптастыру және толықтырып отыру.
14. Өңірдегі ішкі саяси үдерістерді, қоғамдық көзқарас жағдайын, азаматтардың электоралды көңіл-күйін, мемлекеттік органдардың жұмысын жан-жақты талдау және зерттеу.
15. Қалалар мен аудандардың атқарушы билік органдарымен мониторинг жүргізу жүйесі мен әдістерін жетілдіру және ұсынылатын ақпараттардың сапасы жайындағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.
16. Қалалар мен аудандардың ішкі саясат саласындағы мамандарына ұйымдастырушық-тәжірибелік, әдістемелік-кеңестік, ақпараттық көмектер көрсету.

Страница изменена: 26-11-2018
Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика