ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ
713-289
  • RU
  • KZ

Қызметі

Негізгі міндеттері мен функциялары
1. Басқарманың әкімшілік, құқықтық, кадрлық қызметін қамтамасыз ету.
2. Істерді жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы қолданыстағы заңнаманың орындалуын бақылау, басқарма басшысының жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру. 
3. Кіріс корреспонденцияларын уақытында қарау жұмыстарын қамтамасыз ету, резолюция жобаларын дайындау, басқарма басшылығында қаралуы үшін түсетін және шығатын құжаттар қозғалысын анықтау және шығыс құжаттарын мемлекеттік органдарға уақытында жолдау жұмыстарын ұйымдастыру.
4. Басқарма қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
5. Басқарманың жеке құрам, іссапарлар, демалыстар бойынша бұйрықтарының жобаларын дайындау және тіркеу, орындаушыларға жеткізу және орындалу барысын бақылау.
6. Басқарма жұмысының регламентін, Құжаттау және құжаттамаларды басқару ережесін, істер номенклатурасын, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарының жинағын, бөлімдер туралы ережелерді, басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын дайындау және бекіту жұмыстарын қамтамасыз ету.
7. Басқармада әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлықпен күрес және қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша жұмысты қамтамасыз ету.

Страница изменена: 26-11-2018
Наш адрес: ул. М. Горького, 40,
телефон 8-7232-713-222 / факс 26-42-54
u.kantselyariya@akimvko.gov.kz
Яндекс.Метрика