Құрметті сайт оқырмандары!
Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер!
Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Біз мемлекеттік ішкі саясатты ақпараттық қолдауды, өзекті мәселелерді түсіндіруді қамтамасыз етеміз; саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, діни конфессиялармен қарым-қатынас жасаймыз, қоғамдық-саяси үрдістерге талдау жүргіземіз. Біздің сайт арқылы сіздер пайдалы ақпарат аласыздар, пікірлеріңізді білдіресіздер, өз сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Біздің сайт интернет-пайдаланушыларды қызықтырады деген сенімдеміз.
Құрметпен, басқарма бастығы Бақтиярова Әльмирә Кенесқызы