www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Бақтиярова Ә.К.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты
27.07.2010 Мүддеміз ортақ
 
 
       Шілденің 27 күні Талдау және болжау институтында ШҚО Азаматтық қоғам Альянсының ұйымдастыруымен өткен Үкіметтік емес ұйымдарға арналған семинар тренинг өтті.

Толығырақ...


27.07.2010 ССО «Қазақстан»
 
       27 июля 2010 года состоялись торжественные проводы бойцов первого выездного сводного студенческого строительного отряда «Қазақстан» (7 человек) в Могилевскую область Республики Беларусь. Бойцы будут трудится на строительстве  объектов сельского хозяйства в Гороцком районе Могилёвской области.

Толығырақ...


23.07.2010 Буйническое поле
 
       11 февраля 2010 года между Могилевским областным исполнительным комитетом Республики Беларусь и акиматом Восточно-Казахстанской области Республики Казахстан заключено соглашение о торгово-экономическом, научно-техническом и культурном сотрудничестве.

Толығырақ...


15.07.2010 Презентация фотоальбома - «Отан батырларын мадақтайды» - «Родина награждает отважных»
 
       В областном Доме дружбы состоялось презентация фотоальбома «Отан батырларын мадақтайды» - «Родина награждает отважных», приуроченного к 65 летию Победы.

Толығырақ...


14.07.2010 ШҚО денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік шығындардың нәтижелілігін бағалау
 
 
       2010 жылы 14 шілдеде «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС «Шығыс» баспасөз орталығында жүзеге асырылып отырған «ШҚО денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік шығындардың нәтижелілігін бағалау» жобасының аясында сұхбат алаңы өтті.

Толығырақ...


08.07.2010 Азаматтық бастама
 
 
       2010 жылы 8 шілде күні ШҚО талдау және болжау институтында ШҚО ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Азаматтық қатысудың негіздері» тақырыбында «ЖӨБДО» ҚҚ мен ШҚО Азаматтық қоғам альянсының ұйымдастырған семинары өтті.

Толығырақ...


17.06.2010 «Кедендік бақылау: артықшылықтары мен мәселелері»
 
 
       2010 жылы 17 маусымда ШҚО талдау және болжау институтында Риддер қаласының бейнеселекторлы қосылуымен Саяси клубтың «Кедендік бақылау: артықшылықтары мен мәселелері» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.

Толығырақ...


15.06.2010 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ШҚО СӨС қалыптастыру проблемалары
 
 
       15 маусым күні «ШҚО талдау және болжау институтында» ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ШҚО СӨС қалыптастыру проблемалары Орталығының директоры ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.

Толығырақ...


05.06.2010 «Экофестиваль - 2010» бағдарламасының тұсаукесері
 
 
       Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай мемлекеттік органдар, бизнес, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, жұмысшы және студент жастарға арналған «Экофестиваль - 2010» бағдарламасының тұсаукесері «Орыс мәдени орталығы» - «Кругозор» жастар мәдениет және туризм орталығы» ЭК ҚБ директоры Т. Г. Нетунаеваның жетекшілігімен «Место» отбасылық демалыс орталығында шығармашылық есеп беруімен өтті.

Толығырақ...


02.06.2010 Казахстан мен Польшаның тәжірибесі
 
 
       2010 жылдың 2 маусымда ЩҚО талдау және болжау институтында «Мемлекеттік органдар қызметтерінің сапасы : Польша және Қазақстаннын тәжірибесі» тақырыбына семинар – тренинг өтті. Азаматтық қоғам және ғылыми - педагогикалық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Толығырақ...


ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы



Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.


Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды.
Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік.
Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті.
Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған Қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды.
Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.
Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды.
Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды.
Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық.
Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп сенемін.
Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған. «Қазақстан – 2030» стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат – осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау.
1. 2010 Стратегиялық жоспарын іске асыру – ел дамуының аса маңызды шебі
1997 жылы “Қазақстан-2030” Стра¬те¬гия¬сын қабылдап, біз елдің ұзақ мерзімді күн тәртібін, басты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырдық, кейін олар 2010 жылға дейінгі Стра¬тегиялық жоспарда қисынды түрде да¬мытылды. 
Сөйтіп біз қалай жоспарласақ, солай өмір сүрдік және мынадай нәтижелерге қол жеткіздік. 
2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарланғанынан екі жыл бұрын, біз республика ІЖӨ-сінің көлемін екі еселедік және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін тиімді орындадық. 
Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті.
Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды.
Халық денсаулығының негізгі көр¬сет¬кіш¬тері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті. 
Он жылда 652 мектеп және 463 ден¬сау¬лық сақтау нысаны салынды. 
Бүгінде бізде әлемдік деңгейдегі ме¬ди¬циналық орталықтар – Ана мен баланың ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты бар. 
Биылғы жылы Кардиохирургия ор¬та¬лығын іске қосамыз. Барлық облыстарда қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жақсаруда. 
Осының арқасында біз өз азаматтары¬мыздың мыңдаған өмірін сақтап қаламыз! 
Біздің жетістіктерімізді мойындай оты¬¬рып, БҰҰ өзінің 2009 жылғы Баян¬дамасында Қазақстанды адам әлеуетінің жоғары деңгейі бар елдер санатына қосты. Бұл – біздің өскен әл-ауқатымыздың дау¬сыз дәлелі! Он жылда 350 мың отбасы – бұл шамамен 1,2 миллион адам тұрғын үй¬ге ие болды. 32 мың шақырым жолдар са¬лынды және жөнделді, бұл Қазақстанның барлық жолдарының үштен бірі. 
2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясының қарпі мен рухын негізге ала отырып, біз ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығына белгіленген барлық міндеттерді шештік. 

2. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешімдер қабылдау уақыты
Әлемдік қаржы-экономикалық дағда¬ры¬сы экономиканың өсу қарқынына ық¬пал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқ¬тат¬қан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағ¬да¬рыстық шайқасында бізге тұрлау¬лылық¬ты қамтамасыз етті. 
Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық. 
Біз шағын және орта бизнесті қиыншылықта қалдырмадық. 
Ұлттық және трансұлттық компания¬лардың мемлекеттік сатып алуларындағы “қазақстандық үлестің” болмаған өсіміне қол жеткіздік. 
Агроөнеркәсіптік кешенге бұрын-соңды болмаған көмек көрсеттік. 
Мемлекет үлестік құрылысты аяқтау жө¬ніндегі барлық шығындарды өз мой¬нына алды. 
“Жол картасы-2009” бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді.
Әр ауылға дейін жеткен мұндай аса ма¬ңызды жұмысты біз тұңғыш рет жүр¬гіз¬дік. Халық бізге риза – біз жақсы жұмыс атқардық. 
Барлығы да менің бақылауыммен, жедел, жария атқарылды. 
Біз рецессияға жол бермедік, өйткені, не істеу керектігін білдік және мұны жедел істедік. 
Ұлы Неру бір кездері былай деген екен: “Табыс кім батыл қимылдаса, со¬ның үлесіне жиі түседі”. Ал біз батыл қимылдадық. 
2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің “серіппелі тобына” жаттық. 
Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті.
Өткен жылы біз Қор қаржысының бір бө¬лігін жұмсадық, ал бүгінде Қордың кө¬лемі өткен жылдың желтоқсанындағыдан көп екенін атап өту маңызды.
Қордың арқасында біз дағдарысқа қар¬сы шараларды жүргізіп қана қойған жоқ¬пыз, сонымен бірге мемлекетке, бізге қиын болған кезде, сатуға мәжбүр болған ма¬ңыз¬ды активтерді қайтардық. Бұл – Екібастұз 1-ші ГРЭС-і, “Богатырь” разрезі, Қа¬ша¬ғандағы біздің үлесіміз, Маңғыстау¬мұ¬найгаз және барлық үш мұнай өңдеу зауыты. 
Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құ¬ра¬ды, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыт¬та¬ғы¬дан төмен. 
Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. 
Біз төтеп бердік. Енді біз 2020 жылға дейін¬гі Даму стратегиясын орындауға кірісеміз.

Толығырақ...

логин :    
 
пароль :    
 
     
Тіркелу | Парольді еске салу?
Социологиялық сауалнама
Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

Иә, басқа облысқа
Иә, Ресейге
Иә, алыс шетелге
Жоқ, жоспарымда жоқ
 
Ақпараттық банерлер
Послания Президента РК
Ұлы Жеңіске 65 жыл
Официальный сайт Президента РК
Сайт электронного Правительства РК
Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
Отчеты Управления внутренней политики ВКО
Социологические исследования
Жемқорлық тоқта
ЕВРАЗЭС
Если вы потеряли работу
Учись управлять своими деньгами
В помощь PRопагандисту
Новая индустриализация
Әлеуметтік тапсырыс
С дипломом в село